Қазақстан құрамасы ӘЧ іріктеуінде Чероногорияны ойсырата ұтты

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылы өтетін әлем чемпионатының іріктеуінде Черногория құрамасын ірі есеппен жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

5-топтағы аталған кездесу Алматы қаласындағы "Балуан Шолақ" спорт кешенінде өтіп, 7:0 есебімен аяқталды. 

Бірінші таймда Қазақстан құрамасы қарсыластың қақпасына үш гол соқты. Голдардың авторы - Дуглас Жуниор, Әбдірасыл Әбдіманапұлы және Арнольд Кнауб. 

Екінші тайм барысында Пауло Рикардо Каканың шәкірреті тағы бес гол соқты. Бұл жолы Альберт Ақбалықов, Біржан Оразов (дубль) және Азат Валиуллин көзге түсті. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы 5-топта 9 ұпай жинап, келесі іріктеу кезеңіне жолдама алды. Келесі іріктеу кезеңінің жеребесі сәуір айында тартылады. 

Екінші орында үш ұпайы бар Словения болса, ұпай жинамаған Черногория соңғы сатыда. Бұл топтағы соңғы кездесуін Қазақстан құрамасы келесі жылы, 8 наурыз күні Словенияға қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар