Футзал
21 қаңтар 2022 00:50
 

Қазақстан футзалшылары Какасыз бастаған Еуропа чемпионатында жеңілістен аман қалды. Видео

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан футзалшылары Какасыз бастаған Еуропа чемпионатында жеңілістен аман қалды. Видео ©kff

Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландыдағы Еуропа чемпионатында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерландыдағы Еуропа чемпионатында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Жерлестеріміз өз тобындағы алғашқы матчты Словения командасымен бастады. Бірінші таймда капитан Игита шабуылға шығу сәтінде қателік жасап, 11-минутта Денис Тотошкович есеп ашты.

Артынша Альберт Ақбалықов словениялық қақпашы Нейца Берзелакаға қарсы дөрекі ойнап, паркеттен 2 минутқа қуылды. Қазақ командасы үш ойыншымен қалғанына қарамастан, еуропалықтар Игита қақпасының саңылауын таба алмады. Нәтижесінде 16-минутта Дуглас бұрыштан ұшқан допты қақпаға дәл тоғытты.

Үзілістен кейін Словения командасы екінші голын соғып кетті. Алайда араға 2 минут салып Біржан Оразов есепті қайта теңестірді.

Матчтың 31 және 33-минуттарында Жига Чех пен Тео Турк гол салып, есепті 2:4 дейін жеткізе алды. Үзіліске дейін ұлттық құрама сапында Жомарт Тоқаев пен Жуниор Дуглас ерекшеленіп, Еуропа чемпионатының алғашқы кездесуін 4:4 есебімен аяқтады.

Еске салайық, ойыншы Арнольд Кнауб пен бас бапкер Рикардо Какалар елордада тапсырған сынама оң нәтиже көрсетті. Аты жаман ауруға қарсы тағы тест тапсырып, егер коронавирус инфекциясынан таза болған жағдайда Кака мен Кнауб ұлттық құраманың екінші кездесуіне қатыса алады. Топтағы екінші ойын қаңтар айының 24 жұлдызы Финляндия құрамасына қарсы өтеді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!