Қазақстан - Әзірбайжан матчінің бейнешолуы

©Fifa.com

Футзалдан Қазақстан мен Әзірбайжан матчының бейнешолуы шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Ақтаудағы триллерде паркет иелері 6:5 есебімен жеңіске жетті. Қазақстан құрамасының сапында Шыңғыс Есенаманов (дубль), Альберт Ақбалықов (дубль) және Тайнан (дубль) ерекшеленді.

Еске салайық, Кака шәкірттері Каспий жағалауында Әзірбайжан командасымен екі рет кездесіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Енді жерлестеріміз әлем чемпионатының іріктеу турнирін бастайды. Алғашқы ойынды өз алаңында 8 қазан күні Словения футзалшыларына қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар