Қазақстан әлемдегі ең үздік ұлттық құрама атағына үміткер болды

Сурет: ҚФФ
Қазақстан құрамасы өз тарихында үшінші рет әлемнің ең үздік ұлттық құрамасы атағына ұсынылды.

2020 жылы Қазақстан құрамасы төрт матч өткізіп, үшеуінде жеңіп, біреуінде жеңіліс тапты. Олар әлем чемпионатына жолдама ұтып алды, сонымен қатар 2022 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңін сәтті бастады.

Жалпы Қазақстан құрамасы үшінші рет әлемдегі ең үздік ұлттық құрама (Futsalplanet Awards 2020) атағына ұсынылды. 2015 жылы Қазақстан құрамасы бұл жарыста үшінші орынға ие болған еді. Бұл атаққа 10 үміткер ұсынылды.

Cондай-ақ, алматылық "Қайрат" пен Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игита жылдың ең үздік бағана күзетшісі атағына үміткер атанды. Бұған дейін ол 2015, 2016, 2018 және 2019 жылдары бұл атақты жеңіп алған. 

Әлемнің ең үздік ұлттық құрамасы атағына үміткерлер тізімі:

1. Аргентина;

2. Бразилия;

3. Чехия;

4. Қазақстан;

5. Марокко;

6. Португалия;

7. Ресей;

8. Сербия;

9. Испания;

10. Венесуэла.
Метки:
Жаңалықтар