Бүгін футзалдан "Қайрат" командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің екінші турында Португалияның екі дүркін жеңімпазы "Спортингке" қарсы ойын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Тікелей трансляция Qazsport телеарнасында және ресми сайтында көрсетіледі.
Айта кетейік, 4-топтың матчтары Хорватияның Макарска қаласында өтуде. Бұл топта "Қайрат" пен "Спортингтен" бөлек,"Ново Вриеме" (Хорватия) және "Приштина" (Косово) клубтары бар.
Кеше "Қайрат" хорватиялық клубты 3:2 есебімен жеңсе, "Спортинг" "Приштинаны" 19:1 есебімен тас-талқан етті.
Сонымен қатар, осы кезеңде тағы бір қазақстандық клуб "Семей" де бақ сынауда. Олар кеше өткен алғашқы ойында Чехияның "Хрудим" командасын 9:5 есебімен ұтып, жарысты сәтті бастады.