Футзал
30 қазан 12:25
 

"Қайраттың" "Спортингке" қарсы матчына тікелей трансляция

  Пікірлер

blog.share

"Қайраттың" "Спортингке" қарсы матчына тікелей трансляция ©"Қайрат" АФК

Бүгін футзалдан "Қайрат" командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің екінші турында Португалияның екі дүркін жеңімпазы "Спортингке" қарсы ойын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Бүгін футзалдан "Қайрат" командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің екінші турында Португалияның екі дүркін жеңімпазы "Спортингке" қарсы ойын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 21:00-де басталады. Тікелей трансляция Qazsport телеарнасында және ресми сайтында көрсетіледі.

Айта кетейік, 4-топтың матчтары Хорватияның Макарска қаласында өтуде. Бұл топта "Қайрат" пен "Спортингтен" бөлек,"Ново Вриеме" (Хорватия) және "Приштина" (Косово) клубтары бар.

Кеше "Қайрат" хорватиялық клубты 3:2 есебімен жеңсе, "Спортинг" "Приштинаны" 19:1 есебімен тас-талқан етті.

Сонымен қатар, осы кезеңде тағы бір қазақстандық клуб "Семей" де бақ сынауда. Олар кеше өткен алғашқы ойында Чехияның "Хрудим" командасын 9:5 есебімен ұтып, жарысты сәтті бастады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!