Алматылық "Қайрат" футзал командасының қорғаушысы Ранжед Тайнан бірінші рет Бразилия құрамасына шақырту алды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.
Бразилия құрамасы 14 және 17 қараша күндері Марокко құрамасымен екі жолдастық кездесу өткізеді. Осы ойындарғы құраманың бас бапкері Маркиньюс Ранжелді де шақыртқан.
Өткен маусымда Ранжел Қазақстан чемпионатында 17 кездесуде қатысып, 11 гол соққан. Сондай-ақ ол төрт рет сары қағаз алған.
Еске салайық, "Қайрат" биыл Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде өнер көрсетеді. Алматылық ұжымның элиталық кезеңдегі қарсыластары бүгін, 3 қараша күні Ньон (Швейцария) қаласында өтетін жеребеден кейін анықталады.