"Қайраттың" екі ойыншысы коронавирус жұқтырды. Олар ЧЛ-да "Бенфикаға" қарсы кездесуге қатыспайды

Савио. Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Алматылық "Қайрат" командасының екі ойыншысы футзалдан Чемпиондар лигасында "Бенфика" командасына қарсы кездесуге қатыспайды. Бұл туралы Meta-ratings.kz хабарлап отыр. 

"Қайраттың" сапында алдағы кездесуге бразилиялық қақпашы Дуду және Румыния құрамасының ойыншысы Савио қатыспайды. Екеуі де коронавирус жұқтырып алыпты. 

Айта кетейік, ойын бүгін Хорватияның Задар қаласында өтеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады. 

Метки:
Жаңалықтар