Футзал
29 қазан 09:23
 

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчының тікелей трансляциясы

  Пікірлер

blog.share

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчының тікелей трансляциясы ©

29 бен 30 қазанға қараған түні алматылық «Қайрат» футзалдан 2025/26 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін бастайды. Қазақстандық клуб алғашқы ойында Хорватияның «Ново Вриеме» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

29 бен 30 қазанға қараған түні алматылық «Қайрат» футзалдан 2025/26 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңін бастайды. Қазақстандық клуб алғашқы ойында Хорватияның «Ново Вриеме» командасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын Хорватияның Макарска қаласында өтеді және Астана уақытымен 00:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде Qazsport арнасы көрсетеді, сондай-ақ матчты телеарнаның ресми сайтынан да көруге болады.

4-топта «Қайрат» бұдан бөлек Косовоның «Приштина» және Португалияның «Спортинг» клубтарымен кездеседі.

Сонымен қатар, бұл кезеңде қазақстандық тағы бір клуб «Семей» командасы өнер көрсетеді. Бүгін семейліктер Чехияның «Хрудим» клубымен алғашқы матчын өткізеді (басталуы — 20:30). Олардың басқа қарсыластары — Францияның «Этуаль» және Испанияның «Пальма» командалары.

«Қайрат» пен «Семей» А жолының топтарында ойнайды. Әр топтан үздік үш команда 1/8 финалға жолдама алады. 

2025/26 маусымынан бастап футзалдан Чемпиондар лигасы форматына 1/8 және 1/4 финал кезеңдері қосылды. Финалдық кезең дәстүрлі түрде төрт үздік команданың қатысуымен өтеді. Жартылай финалдар 7 немесе 8 мамырда, ал финал мен үшінші орын үшін матч 9 және 10 мамырда өтеді.

2026 жылғы футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық кезеңін Италияның Пезаро қаласы қабылдайды.

Турнир күнтізбесі:

Негізгі кезең: 28 қазан – 2 қараша
Плей-офф жеребесі: 6 қараша
1/8 финал (екі матч): 24 қараша және 5 желтоқсан
1/4 финал (екі матч): 23 ақпан және 6 наурыз
Финалдық кезең (Пезаро): 7-8 және 9-10 мамыр
 
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!