"Қайраттың Чемпиондар лигасы элиталы раундындағы қарсыластары анықталды

©instagram.com/afckairat

Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Негізгі кезеңнен сүрінбей өткен 16 команда төрт топқа бөлінді. Бұл кезеңде өнер көрсететін алматылық "Қайрат" командасы А тобына "Тюмень", "ВитЭн" және "Аньер-Вильнев" командаларымен түсті. 

Жалпы жеребенің қорытындысы мынадай:

А тобы: "Тюмень", "ВитЭн", "Аньер-Вильнев", "Кайрат" 
В тобы: "Спортинг", "Ховокубо", "Олмиссум", "Синара"
С тобы: "Пльзень",  "Добовец", "Халле-Гооик", "Барса"
D тобы: "Бенфика", "Ураган",  "Халадаш", "Леванте"

Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі 30 қараша мен 5 желтоқсан арасында өтеді. Ал финалдық кезеңде топтың жеңімпазы шығады. 

Айта кетейік, "Қайрат" командасы өз тарихында элиталық кезеңге 15 рет шықты. Бұл рекордтық көрсеткіш. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар