Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Негізгі кезеңнен сүрінбей өткен 16 команда төрт топқа бөлінді. Бұл кезеңде өнер көрсететін алматылық "Қайрат" командасы А тобына "Тюмень", "ВитЭн" және "Аньер-Вильнев" командаларымен түсті.
Жалпы жеребенің қорытындысы мынадай:
А тобы: "Тюмень", "ВитЭн", "Аньер-Вильнев", "Кайрат"
В тобы: "Спортинг", "Ховокубо", "Олмиссум", "Синара"
С тобы: "Пльзень", "Добовец", "Халле-Гооик", "Барса"
D тобы: "Бенфика", "Ураган", "Халадаш", "Леванте"
Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі 30 қараша мен 5 желтоқсан арасында өтеді. Ал финалдық кезеңде топтың жеңімпазы шығады.
Айта кетейік, "Қайрат" командасы өз тарихында элиталық кезеңге 15 рет шықты. Бұл рекордтық көрсеткіш.