"Қайраттың" бразилиялық ойыншысы Қазақстан азаматтығын алды. Ол Еуропа чемпионатында ойнауы мүмкін
"Қайрат" футзал клубының ойыншысы Эдсон Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
"Қайрат" футзал клубының ойыншысы Эдсон Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
"Футзалдан Алматылық "Қайраттың" ойыншысы Эдсон Қазақстан азаматтығын алды. Бұдан былай ол Қазақстанның ұлттық құрамасында өнер көрсете алады", - делінген клуб таратқан ақпаратта.
Ал Meta-ratings.kz ақпараты бойынша, Эдсон Қазақстан құрамасымен бірге Еуропа чемпионаты өтетін Нидерландыға кеткен. Осылайша, Қазақстан құрамасы сапында бес бразилиялық ойыншы болды. Олар - Игита, Дуглас, Лео, Тайнан және Эдсон.
Эдсон "Қайрат" сапында 2018 жылдан бері өнер көрсетеді. Ол осы уақытқа дейін 98 кездесуге қатысып, 87 гол соққан.
Жарнама