Футзал
27 қараша 2017 10:52
 
"Қайрат" президенті, бас бапкері, қақпашысы қуылған ойында УЕФА кубогынан тыс қалды

  Пікірлер

blog.share

Алматының "Қайраты" футзалдан УЕФА кубогының финалдық кезеңіне шыға алмады. Шешуші матчта "Интерден" ұтылды.

УЕФА кубогының соңғы електік кезеңі аяқталды. Аталмыш Еурокубок додасының негізі кезеңінде Беларустің "Сталицасынан" ұтылып қалып, 1-топта екінші орынға ие болған "Қайрат" жартылай финалдық сатыда күрделі топқа түсті.

Нақтырақ айтқанда, осы УЕФА кубогының соңғы жеңімпазы және төрт дүркін чемпионы "Интер-Мовистар" клубымен бір топқа түсті. Алғашқы екі турда Испанияның 21 дүркін чемпионы да, "Қайрат" та "Брага/ААУМ" (Португалия) және "Дева" (Румыния) клубтарын аса қиналмай ұтты.

Сөйтіп, бірінші орынды өзара кездесуде сарапқа салу керек болды. Бұл финалға бергісіз, шектен тыс шиеленісті ойын болды. "Интер" гол соқса, "Қайрат" бірден жауап қатып, доп додасы әбден қызды. Екі команда да өте жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетті.

Тең есеп өзгермей біраз тұрды. Ал "Қайратқа" тек жеңіс керек. Ойында қызып, дау-дамай көбейе түсті. Екінші таймның ортасына қарай "Қайраттың" қосалқы құрамы селдірей бастады. Әуелі клуб президенті Қайрат Оразбеков алаңнан қуылды. Одан кейін бас бапкері Какау да оның ізімен кетті...

Ойын әрі қарай қыза түсті. Игита алға шығып, "Қайрат" шабуылды үдете түсті. Осылай артық құраммен алаң иелерін қыспаққа алып, гол соғуға тырысты. Алайда осындай шабуылдардың бірінде "Интер" тағы да алға шықты. Абырой болғанда, төрешілер бұл голды есепке алмады.

Өкінішке қарай, бұл ойында Игитаның атойлап алға шығуынан нәтиже шықпады. Керісінше осындай шабуылдардың бірінде "Интердің" қақпашысы допты қағып алып, бірден алға қарай теппек болғанда, Игита оны қағып жіберіп, ескерту алды. Бұл оның екінші ескертуі болатын. Яғни ол алаңнан қуылды. Әрі "Қайрат" екі минут кем құрамда ойнауы керек.

Бірақ "Интер" көп созбай, бірден гол соқты. Испания клубы қайтадан алға шықты. Ойын аяғына қарай алаң иелері 10 метрлік айып соққысын орындауға мүмкіндік алды. Бірақ Рикардиньо "Қайраттың" екінші қақпашысы Дудудан айласын асыра алмады. Әйтсе де, алматылықтар тағы да бір рет ойын ережесін бұзғанда, "Интер" есепті ұлғайтты. Бұл жолы 10 метрлік айып соққысын Гадейя орындап, пәрменді соққысымен Дудуды қапы қалдырды.

"Қайрат" бұдан кейін де тайталасып, атойлап алға шапты. Ойынның аяқталуына 22 секунд қалғанда, жеңілгендерін мойындап, доп тебуді қойды. Өйткені, қалған уақытта үш гол соғу мүмкін емес болатын.

Осылайша, "D" тобынан "Төртеу финалына" "Интер-Мовистар" шықты. Ал қалған топтардан "Барселона" (Испания), "Спортинг" (Португалия) және "Дьер" (Венгрия) клубтары шықты. Ал Беларустің "Сталицасы" "C" тобында Мажарстан чемпионы тұрмақ, басқа командалардан да аса алмай, 4-орынды қанағат тұтты.

Жарнама

Живи спортом!