«Қайрат» пен «Семей» футзал клубтары Чемпиондар лигасы негізгі кезеңінің екінші турында сәтсіз ойын көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Хорватияның Макарска қаласында өткен кездесуде «Қайрат» португалиялық «Спортингке» 2:7 есебімен ойсырай ұтылды.
Айта кетейік, алғашқы ойында «Қайрат» хорватиялық «Ново Вриемені» 3:2 есебімен жеңген болатын. Келесі ойын 1 қараша күні «Приштинаға» қарсы өтеді.
Ал Испанияның Пальма-де-Мальорка қаласында өткен кездесуде «Семей» француздық «Этуальдан» 3:4 есебімен ұтылды. Бірінші таймда 3:0 есебімен алда болған қазақстандықтар екінші таймда қарсыласына төрт гол соғуға мүмкіндік беріп, жеңісті қолдан берді.
«Семейдің» құрамында Бруно Гомес (3-минут) пен Дедезиньо (8 және 17-минуттар) гол соқты.
1 қарашада «Семей» Испанияның «Пальма» командасымен кездеседі.
Айта кетсек, екі қазақстандық клуб та “А” жолы бойынша сынға түсіп жатыр. Әр топтан үздік үш команда 1/8 финалға жолдама алады.
2026 жылғы футзалдан УЕФА Лига чемпионатының финалдық кезеңі Италияның Пезаро қаласында өтеді.
Жарнама