"Қайрат" ойыншысы Бразилия құрамасынан шеттетілді. Себебі де белгілі болды

©"Қайрат" ФК

 Футзалдан Бразилия құрамасының бапкері алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Ранжелді Америка кубогіне қатысатын ойыншылардың тізімінен шығарып тастады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ранжелдің құрамадан шығып қалуының себебі - коронавирусқа қарсы екпе алмағаны болды. "Қайрат" қорғаушысынан бөлек Бразилия құрамасының тізімінен "Бенфика" ойыншысы Артур да шығып қалды. 

Олардың орнына Лео Гужель ("Тюмень") мен Жоау Виктор ("Коринтианс") шақырту алды. 

Айта кетейкі, Америка кубогі 29 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Асунсьонь (Парагвай) қаласында өтеді. Бразилия құрамасы топтық кезеңде Уругвай, Колумбия, Эквадор және Чили құрамаларына қарсы ойнайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар