"Қайрат" командадан кететін бразилиялықтың орнына жаңа ойыншы тапты

©Fifa.com

"Қайрат" футзал командасы қысқы трансферлік кезеңде Венесуэла құрамасының ойыншысы Карлос Санзбен келісімшарт жасауы мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Алматылық команда Санзбен келісімшарт жасауға жақын. Ол ресейлік командаға кететін Дугластың орнын басуы мүмкін. 

Осыған дейін Санз Венесуэла, Перу, Эквадо командаларының намысын қорғаған. Ал Еуропада ол Италия мен Хорвтаия чемпионатында өнер көрсеткен. Бұл қорғаушы 2021 жылы Литвадаға әлем чемпионатында көзге түскен болуы керек. Әлем чемпионатында Санз ойнайтын Венесуэла құрамасы Қазақстанмен тең (1:1) ойнаған еді. 

Санздың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына "Қайраттың" бас бапкері Пауло Рикаорда Кака жазылып алған. Ол алматылық қайраттың сапына қаңтардың соңына дейін қосылатын шығар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар