"Қайрат" Қазақстан құрамасының қорғаушысы ресейлік командаға ауысқанын хабарлады

©ҚФФ

"Қайрат" футзал клубының баспасөз қызметі Қазақстан құрамасының 32 жастағы қорғаушысы Дуглас Жуниордың ресейлік КПРФ клубына жалға ауысқанын хабарлады.

Маусым соңында Дуглас "Қайратқа" қайта оралады. Оның алматылық командамен келісімшарты 2022/23 жылғы маусымның соңына дейін есептелген.

КПРФ клубы Ресей суперлигасының ағымдағы маусымында 28 ұпаймен үшінші орында келе жатыр.

Еске салайық, Дуглас Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы үшін барлық матчқа қатысып, 4 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар