"Қайрат" Игитаға бәсекелес тауып қойды

©ndmais.com.br

"Қайрат" АФК жазғы трансферде бразилиялық қақпашы Деннисті сапына қоспақ, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматылық клуб кейінгі жылдары Игитаның орнын басатын қақпашы ретінде Нарун Серіковті қарастырып жүрген еді. Алайда клуб бәсекелістікті арттырмақ екен. 24 жастағы Деннис 2015 жылдан бері бразилиялық "ЖЕК Футзал" командасында өнер көрсетіп, өзін мықты қақпашы ретінде таныта алды. 

"Қайрат" бразилиялық клуб және ойыншының өзімен де келісімге қол жеткізді. Енді "ЖЕК Футзал" Деннистің орнын басатын голкипер іздеуге кірісті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар