"Қайрат" футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысын сатып алмақ

Ринат Төрегазин (11 нөмірде). Сурет "Аят" сайтынан алынды.
Алматылық "Қайрат" футзал клубы жаңа маусымнан бастап қазақстандық ойыншы Ринат Төрегазинмен келісімшарт жасауы мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Қазір ол рудныйлық "Аят" командасында ойнайды. 

2019/20 жылғы маусымда Төрегазин "Аят" сапында жақсы ойнап, өзін жақсы қырынан көрсете алды. Ол Қазақстан чемпионатында 18 ойынға қатысып, тоғыз гол соқты. Осылайша командасына Чемпиондар лигасына жолдама алуға көмектесті. 

25 жастағы әмбебап ойыншы Қазақстан құрамасында да ойнайды. Бұған дейін ол "Ақтөбе" сапында өнер көрсетті. Бұрнағы күні "Қайраттың" бапкерлері Төрегазинді бақылап жүр. Алдағы уақытта онымен келісімшарт жасауы мүмкін. 

"Қайрат" маусымның қорытындысы бойынша екі қазақстандық футзалшылармен қоштасуы мүмкін. Олар Нұрсұлтан Пиялы және Альберт Акбаликов. 

Еске салайық, "Қайрат" жақында ғана Эдсонды жалдан қайтарып алып, Бразилия құрамасында ойнайтын Фернандинью мен Гадейамен келісімшарт жасады. Сондай-ақ алматылық клуб сапын Румыния құрамасының лидері Савио толықтырды. 





Метки:
Жаңалықтар