"Қайрат" футзалдан Қазақстан чемпионы атануға бір табан жақын қалды

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Алматылық "Қайрат" футзал командасы финалдық серияның екінші ойынында "Атырау" командасын жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ойын 4:3 есебімен Каканың тәлімгерлерінің пайдасына аяқталды. "Қайрат" сапында Фернандиньо, Біржан Оразов, Гадея және Дәурен Тұрсағұлов гол соқса, "Атырау" сапынан Жомарт Тоқаев, Келсен мен Эрик Данило көзге түсті. 

Осылайша алматылық команда финалдық серияда 2-0 есебімен алға шықты. Үшінші ойын 14-мамыр күні өтеді. 

Айта кетейік, финалдық серия алдында "Атырау" командасы бас бапкерсіз қалды. Себебі Биро Жаде келісімшартты ұзартпаған. 

 

Метки:
Жаңалықтар