Нұр-Сұлтан қаласындағы "Сайран-Арена" спорт кешенінде футзалдан Қазақстан Суперкубогі ойыны өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Суперкубокті өткен жылғы ел чемпионы "Қайрат" пен күміс жүлдегер "Атырау" командалары сарапқа салды. Кездесу 5:2 есебімен "Қайраттың" пайдасына аяқталды.
Бұл кездесу футзалдан 2021/22 жылғы маусымды ашты. Енді екі күннен кейін Қазақстан кубогі басталады.