Алматылық "Қайрат" футзал командасы құрамында өзгеріс болғанын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Осыған дейін клуб бразилиялық Кайо Руиспен келісімшарт жасап, екі ойыншымен қош айтысты.
"Төрехан Досов пен Андрей Графский келісімшарттары аяқталып, "Қайрат" командасынан кетті", - делінген клуб таратқан ақпаратта.