"Қайрат" футзал командасы Қазақстан құрамасының ойыншысымен келісімшарт жасады

©ҚФФ

Алматылық "Қайрат" футзал клубы Төрехан Досовпен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Клубтың баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, келісімшарт екі жылға жасалған. 

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы өткен маусымды оралдық "Бәйтерек" командасында өткізді. Оның алдында "Ақтөбе" және "Інжу" командаларында ойнаған. 

Еске салайық, "Қайрат" келесі айда Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді. Сонымен қатар, бұл турнирде Қазақстан намысын "Атырау" командасы да қорғайды. Чемпиондар лигасының негізі кезеңі 26 қазан мен 31 қазан аралығында өтеді. Командаларымыздың қарсыластарын мына жерден көре аласыз. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар