"Қайрат" футзал командасы "Жастарды" ірі есеппен жеңді

©"Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" футзал командасы талдықорғандық "Жастар" командасын ірі есеппен жеңді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ойын 11:2 есебімен аяқталды. 

"Қайрат" сапында Біржан Оразов пен Кайо үш голдан соқты. Ал Шыңғыс Есенаманов пен Вилела екі гол соқса, Дуглас Жуниор бір мәрте көзге түсті. 

Ал "Жастар" сапынан Еркебұлан Мұсабеков пен Жомарт Тоқаев көзге түсті. 

Айта кетейік, бұл командалар арасында кеше өткен бірінші ойын 8:3 есебімен аяқталған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар