Бүгін, 2 қараша күні алматылық "Қайрат" футзал командасы Чемпиондар лигасы элиталық кезеңнің бірінші ойынын өткізді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
А тобына жайғасқан "Қайрат" командасы алғашқы кездесуін беларус елінің "ВитЭн" командасына қарсы өткізіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
"Қайрат" сапынан Валадарес Савио, Альберт Ақбалықов және Шыңғыз Есенаманов көзге түссе, оршалық командадан Олег Еремин мен Павел Роговик гол салды.
Енді алматылық ұжым келесі кездесуін 3 желтоқсан күні франциялық "Аньер-Вильневқа", 5 желтоқсан күні ресейлік "Тюменьге" қарсы өткізеді.
Еске салайық, элиталық кезеңде әр топтан бірінші орын алған команда ғана Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне жолдама алады.