Футзал
3 желтоқсан 2021 19:03

"Қайрат" футзал командасы Чемпиондар лигасы элиталы кезеңінің екінші ойынында тең түсті

©"Қайрат" ШФК

"Қайрат" футзал командасы Чемпиондар лигасы элиталы кезеңнің екінші ойынында тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Екінші кездесуде "Қайраттың" қарсыласы франциялық "Аньер-Вильнев" болды. Ал аталған кездесу 3:3 есебімен тең аяқталды. 

Кездесу алматылық команда үшін өте сәтсіз басталды. 14-минутта франциялық команда Гальвао Да Сильва мен Болиньяның голдарынан кейін 0:2 есебімен жеңіп тұрды. 

Дегенмен де "Қайрат" ойыншылары дер кезінде жинала білді. Бірінші таймның аяқталар тұсында Эдсон бір гол соқса, екінші таймның басында Диего Фаверо есепті теңестіріп, кейін дубль жасап, "Қайратты" алға шығарды. 

Алайда "Қайрат" жеңісті ұстап қала алмады. Сухейль Мухудин ойын аяқталарға дейін Игитаның қақпасына үшінші голды соғып, есепті теңестіріп кетті. 

Енді "Қайрат" келесі кездесуін 5 желтоқсан күні ресейлік "Тюмень" ұжымына қарсы өткізеді. 

Айта кетейік, элиталық кезеңде әрбір топтан бір ғана команда Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport