Футзалдан Қазақстан чемпионатының финалдық сериясында "Қайрат" екінші ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Алматылықтардың паркетінде өткен ойын 7:2 есебімен аяқталды. "Қайрат" сапында Эдсон хет-трик авторы атанса, Диего дубль жасады. Дәурен Тұрсағұлов пен Альберт Ақбалықов та көзге түсті. "Аят" сапында Антон Рындин мен Данил Карпюк ерекшеленді.
Еске салайық, қос клуб арасындағы алғашқы матчта Кака командасы 4:2 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, үш жеңіске дейін өтіп жатқан бәсекеде "Қайрат" 2:0 есебімен алда тұр.