"Қайрат" футзал клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде алғашқы жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бельгиядағы турнирде алматылықтар Францияның "Спортинг" командасын 3:2 есебімен ұтты. "Қайрат" сапында Дәурен Тұрсағұлов (2-минут), Кайо (24-минут) және Диего Фаверо (30-минут) гол салса, француздардан Болинья (32-минут) мен Финео (38-минут) ерекшеленді.
Әр топтан 3 команда шығатынын ескерсек, "Қайрат" қазірдің өзінде элиталы раундқа жолдама алды.
Осыған дейін Кака ойыншылары Испанияның "Пальмасымен" (2:2) тең түссе, Бельгияның "Галле-Гооигімен" (2:2) өткен матчта да жеңімпаз анықталмады.
Элиталы раундтың жеребе тарту рәсімі 8 қарашаға жоспарланған. Ал матчтар 27-28 қараша күндері өтеді.