"Қайрат" бразилиялық шабуылшысын қайтарып алмақ

"Қайрат" футзал клубы бразилиялық шабуылшы Эдсонды командаға қайтарып алмақшы. Айта кетейік, ол соңғы жарты жылды словениялық "Литии" командасында өткізді,-деп хабарлайды Vesti.kz порталы. Шабуылшы жаңа маусымды алматылық клуб сапында бастайды. 

Эдсон мен "Қайраттың" тағы бір ойыншысы Джон Леннон 2020 жылдың қысында "Литии" командасына жалға берілген болатын. Енді бапкерлер Эдсонды қайта қайтарып алғысы келіп отыр. Леннонның болашағы белгісіз болып тұр. Ол Словенияда тағы бір маусымға қалуы мүмкін. 

Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат" Бразилия құрамасының ойыншысы Фернандиньо мен Гадейяны сатып алған еді. Сондай-ақ Румыния құрамасының лидері Савида алматылық клуб сапына қосылды. 






Метки:
Жаңалықтар