Эдсон мен "Қайраттың" тағы бір ойыншысы Джон Леннон 2020 жылдың қысында "Литии" командасына жалға берілген болатын. Енді бапкерлер Эдсонды қайта қайтарып алғысы келіп отыр. Леннонның болашағы белгісіз болып тұр. Ол Словенияда тағы бір маусымға қалуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат" Бразилия құрамасының ойыншысы Фернандиньо мен Гадейяны сатып алған еді. Сондай-ақ Румыния құрамасының лидері Савида алматылық клуб сапына қосылды.