"Қайрат" бразилиялық ойыншысын ресейлік клубқа ауысқанын хабарлады

©"Қайрат" ФК

"Қайрат" футзал клубының ойыншысы Ранжел Тайнан Ресей біріншілігінде өнер көрсететін самаралық "Динамо" сапына жалға ауысты, деп хабарлайды алматылық клубтың баспасөз қызметі. 

Бразилиялық қорғаушы алдағы жарты жылды ресейлік команда сапында өткізеді. Жалға беру мерзімі аяқталғанннан кейін "Динамо" командасы 31 жастағы бразилиялықты сатып алуға құқылы болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Ранжел Америка кубогіне қатысатын Бразилия құрамасынан шеттетілген болатын.

Қазақстан чемпионатының биылғы маусымында Ранжел бес кездесу өткізді. Сонымен қатар, ол Қазақстан кубогінде алты кездесу өткізіп, жеті гол соққан. 

Еске салайық, Ранжел "Қайрат" сапына 2018 жылы ауысып келді. Жалпы ол алматылық команда сапында 90 кездесу өткізіп, 50 гол соққан. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар