"Қайрат" бразилиялық ойыншымен толықты

©instagram.com/caioruiz19/

"Қайрат" футзал клубы жаңа ойыншымен толыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Клуб баспасөз қызметінің ақпаратына сай, "қызыл-ақтар" командасы әмбебап ойыншы Кайо Руиспен келісімшарт жасаған. Келісімшарт 2023/2024 маусым соңына дейін есептелген. 

Ойыншы португалиялық "Спортингтен" ауысқан. Сондай-ақ, Руис Бразилия құрамасы сапында үш ойын өткізіп, бір гол авторы атанған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін алматылықтар үш бразилиялық легионерді қатарға қосқан еді. Олар қақпашы Деннис, шабуылшы  Фернандиньо және қорғаушы Кайо Сезарь.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар