"Қайрат" биылғы маусымда футзалдан Чемпиондар лигасында тарихи жетістікке жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматылық команда турнирде рекордтық 21-ші маусымын өткізді және ең көп матч өткізген клуб ретінде көш бастап тұр — 111 ойын. Португалиялық "Спортингтің" де жүзден астам кездесуі бар.
Биылғы "Төрттік финалы" Францияның Ле-Ман қаласында өтті. Финалдық ойында испаниялық "Пальма" мен "Қайрат" кездесіп, қазақстандық команда 4:9 есебімен ұтылып қалды.
Үшінші орын үшін өткен кездесуде "Спортинг" пен испаниялық "Картахена" негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады, ал нәтиже пенальти сериясында шешілді.
Жарнама