Футзал
21 мамыр 2022 12:05

"Қайрат" Әзірбайжан құрамасы шабуылшысын қатарына қосты

©asnta.ru

Футзалдан Әзірбайжан құрамасының шабуылшысы Рафаэл Вилела карьерасын "Қайрат" сапында жалғастырады. Бұл туралы Azerisport.com порталы хабарлады. 

Ресейлік "Тюмень" командасының шабуылшысы алматылық ұжымның сапында жалда ойнайды. 

"Тюмень" президенті Александр Поповтың айтуынша, ресейлік команда Вилеланы желтоқсан айында командаға қайтарып алуы мүмкін. 

"Вилеланың" "Тюмень" командасымен келісімшарты бар. Ол келесі маусымды қазақстандық "Қайрат" сапында жалда өткізеді. Егер елдегі саяси жағдай тұрақталатын болса, біз оны қайтарып аламыз", - деді Попов. 

Еске салайық, "Қайрат" биыл Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің бірінші финалға шыққан командасы болды. Алматылық ұжым жартылай финалда "Атырауды" 3:0 есебімен жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport