"Қайрат" 0:3 ұтылып жатып есепті теңестірді
Футзалдан Қазақстан чемпионатының 28-турында "Қайрат" пен "Ақтөбе" клубтары кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футзалдан Қазақстан чемпионатының 28-турында "Қайрат" пен "Ақтөбе" клубтары кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Тартысты матчта батыс қазақстандық ұжым алғашында 0:3 есебімен алда келе жатты. Артынша "Қайрат" есеп айырмасын қысқартуға тырысып, таблодағы нәтижені 2:4 дейін жеткізді. Ал кездесу соңына қарай Кака шәкірттері тағы екі гол соғып, ойынды 4:4 есебімен аяқтады.
"Қайрат" сапында Альберт Ақбалықов дубль авторы атанса, Андрей Графский мен Дәурен Тұрсағұлов бір-бір голмен ерекшеленді.
"Ақтөбе" тарапынан Руслан Болатов дубль және Егор Нулет пен Қайрат Иманалин гол салды.
Әзірге 65 ұпайы бар "Қайрат" клубы турнир кестесінде жеке-дара көш бастап келеді. Екінші орынға 50 ұпайы бар "Атырау" командасы жайғасқан. Үздік үштікті 45 балл жинаған "Аят" ойыншылары түйіндеп тұр.
Жарнама