Какау қызметінен ресми кетті
©Tengrinews.kz
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Какау қызметінен ресми түрде кетті, деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан футзал ассоцияциясының сайтына сілтеме жасап.
Бразилиялық маман Қазақстан футзал құрамасының тізгінін 2013 жылы ұстап, төрт жыл қызмет атқарған еді. Бұл бапкердің бастамасымен Қазақстан құрамасы тұңғыш рет Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығып, қола жүлдеге ие болды.
Сонымен қатар, 45 жастағы маманмен біздің футзалшылар әлем чемпионатының финалдық кезеңіне де шықты. Колумбияда өткен әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы топтан шығып, 1/8 финалда азулы Испания құрамасына жеңілген еді.
Какаудың қызмет атқарып жүрген кезінде Қазақстан құрамасы 39 кездесу өткізіпті. Оның 25-де жеңіске жеттік. 8 кездесуде тең түссек, 6 кездесуде қарсыластарымызға есе жібердік. Осы ойындарда құрамамыз қарсылас қақпасына 137 гол соғып, өз қақпамызға 69 гол жібердік.
Маман Қазақстан құрамасының бапкерлік қызметінен кеткенімен, алдағы уақытта Қазақстанда қала бермек. Ол ары қарай да алматылық "Қайратты" жаттықтырады.

Жарнама