Футзал
12 наурыз 2018 14:47
 
Какау Қазақстан құрамасының бас бапкері болып қала беруі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Какау Қазақстан құрамасының бас бапкері болып қала беруі мүмкін Сурет "Қайрат" клубының ресми сайтынан алынды.

"Қайрат" футзал клубының бас бапкері Какау бүгін, 12-наурыз күні бірнеше күн бұрын жасалған операциядан кейін емханадан шықты. Клубтың баспасөз қызметіне берген сұқбатында бразилиялық маман өзінің денсаулығы, Қазақстан біріншілігінің плей-офф кезеңінде команда қасында болуы және Қазақстан құрамасы сапындағы болашағы туралы айтып берді. 

Операциядан кейінгі жағдайы туралы: Қазір менің жағдайым жақсы. Емханада менің "Қайраттың" бас бапкері екенімді барлығы білді. Бұл клубты көпшілік құрметтейді. Сондықтан барлығы маған жақсы қарады. Қайрат Ақмолдаұлы Оразбеков ("Қайраттың" президенті - ред) күн сайын маған қоңырау шалып, дәрігерлерге мені жақсы қарауды айтып отырды. Сондықтан да бұл кісіге ризамын. Өйткені, "Қайратта" мұндай мәселелерге бей-жай қарамайды. Мысалы, клубттың Карлос Барбозаға және оның отбасына қалай көмектескені есімде. Сонымен қатар ойыншыларым мен жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Олардың барлығы маған хабарласып, денсаулығымды сұрап тұрды. 

"Аятқа" қарсы кездесу туралы: Мен үнемі Мариомен ("Қайраттың" физикалық дайындығына жауапты маман) байланыста болып, жаттығу бірнеше кеңес бердім. "Аятпен" өтетін кездесуге дейін әлі екі күні бар. Егер жағдайым жақсы болатын болса, мен ойынға келуге тырысамын Өйткені, бұл жартылай финал ғой. Бірақ маған қазір демалу керек. Күш жинау қажет. Себебі, ауыр операция болды. 

Болашағы туралы: Бұған дейін айтқанымдай, 18-наурызға дейін мен жаңа жұмыс орным анықтаймын. Егер жаңа клубым маған рұқсат берсе, Қазақстан құрамасы сапында қала беретін шығармын. 

Айта кетейік, Какау Қазақстан құрамасын 2013 жылдан бері жаттықтырып келеді. Қазақстаннан кететіні туралы ол 5-ақпан күні Еуропа біріншілігінің ширек финалында Сербия құрамасына (3:1) қарсы кездесуден кейінгі баспасөз қызметінде айтқан болатын. 

Жарнама

Живи спортом!