Футзал
12 ақпан 2018 10:40
 
Какау Қазақстан құрамасынан және "Қайраттан" не үшін кетіп жатқанын түсіндірді

  Пікірлер

blog.share

Какау Қазақстан құрамасынан және "Қайраттан" не үшін кетіп жатқанын түсіндірді Сурет "Қайраттың" ресми сайтынан алды.

Бразилиялық маман Какау Қазақстан ұлттық құрамасынан және алматылық "Қайраттан" не үшін кетіп жатқанын түсіндіріп берді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Мұндай мәлімдемені Какау 5-ақпан күні Сербия құрамасын 3:1 есебінен жеңгеннен кейін, баспасөз жиыны кезінде айтты. Словенияның Люляна қаласында өткен Еуропа біріншілігінде Қазақстан құрамасы қол үшін таласта Ресейден 0:1 есебімен жеңіліп, төртінші орын алып кетеді. 

Какау бұл жиын кезінде Қазақстан құрамасынан Еуропа біріншілігі аяқталғаннан кейін кететінін айтты. Ал "Қайраттан" жазда кетеді. Ұлттық құраманы да, "Қайраттың" да маман 2013 жылдан бері жаттықтырып келеді. Алматылық командамен ол екі рет УЕФА кубогін жеңіп алды. 

Бапкердің айтуынша, ол ақша немесе басқа ұсыныстар үшін кетіп жатқан жоқ екен. Ол шамалы демалып, басқа бапкерлерге мүмкіндік бергісі келетінін айтты. 

"Менің мұнда жүргеніме 11 жыл болды. Шаршадым. Маған басқа құрамадан немесе командадан ұсыныс түскен жоқ. Әзірше екі немесе үш жылға кеткім келеді. "Қайратқа" және құрамаға жаңа бапкер керек деп ойлаймын. Мен өзімнің максимумымды көрсеттім. Ойыншыларға және маған көмектескен барлық адамдарға алғысымды айтқым келеді. Біздің капитанымыз Дінмұхамед Сүлейменовке алғыс айтқым келеді. Оның капитан болғанына бес жыл болып. Қақпашым Игитаға алғыс. Біздің құрамаға сенемін. Барлық ойыншыларға рақмет. Барлығы да Қазақстанның қаһармандары. 

Instagram немесе Facebook парақшаларыма "Какау - жарайсың", "Какау, кетпе", "Какау - біздің батыр", "Какау - the best", - деп жазған кезде маған да қиын. Маған бұлай көп жазды. Мен ақша үшін немесе басқа жұмыс үшін кетіп жатқан жоқпын. Менің ойымша, Қазақстанға мықты бапкер керек. Басқа менталитетті, басқа мәдениетті, басқа тактика ұстанатын. Бұл Қазақстан үшін жақсы", - деді Какау. 

Еуропа біріншілігін қорытындылай келе Какау Қазақстан құрамасы алдағы уақытта Еуропа чемпионатының финалында өнер көрсететініне үмітті екенін айтты. 

"Бұл біздің құрама үшін жақсы нәтиже. Біз Еуропаның ең мықты деген төрт құрамасының қатарындамыз. Әрине, жартылай финалда пенальти сериясында жеңіліс - өте өкінішті. Содан соң бір ғана күн демалып, қол үшін Ресеймен кездестік. Біздің жігіттер - қаһармандар. Бізді словениялық жанкүйерлер де қолдады. Сонымен қатар қазақстандық жанкүйерлерге де алғыс айтқым келеді. Маған Instagram "Какау, Қазақстан құрамасындағы еңбегіңіз үшін рақмет", - деп жазады. Мен Қазақстанға алғыс айтқым келеді. Бұл менің отбасым, Мен бұл жерде 11 жыл болды. 2004 жылы алғаш келгенімде қолдау білдірген, 2013 жылы Қазақстан құрамасының тізгінін ұстаған кезде мені қолдаған барлығына рақмет. Екі Еуропа біріншілігінде үздік төрттікке ену - жақсы көртсеткіш. Сонымен қатар бірінші рет Испания құрамасымен тең ойнадық. Қазақстан құрамасы алдағы уақытта Еуропа чемпионатының финалында ойнайды. Мен бұған сенемін", - деді Какау. 

Еске салайық, Какаудың бастамасымен Қазақстан құрамасы 2015 жылдың қыркүйек айында Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңіне тұңғыш рет шыққан еді. 

2016 жылғы Еуропа біріншілігінде Қазақстан құрамасы қола алды. Осылайша біздің құрама бірінші дебютті Еуропа біріншілігінде жүлде алған алғашқы команда атанды. 

Жарнама

Живи спортом!