Игита "Қайраттың" Чемпиондар лигасынан шығып қалуына байланысты пікір білдірді
"Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қақпашысы алматылық команданың Чемпиондар лигасынан шығып қалуына байланысты пікірін білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қақпашысы алматылық команданың Чемпиондар лигасынан шығып қалуына байланысты пікірін білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Элиталық кезеңнің шешуші ойында "Қайрат" ұжымы "Тюменьмен" кездесіп, 2:3 есебімен ұтылып қалды. Осылайша алматылық команда А тобында үшінші орын алып, "Төртеудің финалына" шыға алмады.
"Жеңіс керек сәтті жеңілген өте қиын. Бірақ спортта бұдан да мықты болып келуге мүмкіндік бар. Енді біз ішкі біріншілікте бас жүлдеге таласып, Чемпиондар лигасына қайта ораламыз. Бізді қолдаған баршаңызға рақмет. Біз бұдан да мықты боламыз", - деп жазды қақпашы Instagram парақшасында.
Еске салайық, финалдық кезеңді төрт команданың бірі қабылдайды. Ақтық ойындар 28/29 сәуір мен 30 сәуір және 1 мамыр аралығында өтеді.
Жарнама