Игита Еуропа біріншілігінде Италиямен өтетін кездесу туралы ойымен бөлісті
Футзалдан Қазақстан құрамасының капитаны мен қақпашысы Лео Игита Еуро-2022 турнирінде Италиямен өтетін ойында құраманы қолдайтын жанкүйерлер көп болатынына сенімді. Мұндай мәлімдемені ол Instagram парақшасында жасады.

"Бүгін шешуші матч! Италияға қарсы кездесуде Еуропа чемпионатының плей-офф жолдамасына таласамыз.
Бүкіл Қазақстан бізді қолдап, алға жетелейтініне күмәнданбаймын! Алға, Қазақстан", - деп жазды Игита.
Еске салайық, Игита бұл Еуропа чемпионатында голмен көзге түсті. Қақпашымыз Финляндияның қақпасына гол соқты.
Қазақстан құрамасы В тобында төрт ұпай жинап, бірінші орында келеді. Ал Италия мен Словенияда екі ұпай болса, Финляндияда бір ұпай бар.
Гронингем қаласындағы Қазақстан мен Италия арасындағы ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 22:30-да басталады. Бұл кездесуді QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Жарнама