Игита әлемнің үздік қақпашылары арасында екінші орын алды

©ҚФФ

"Қайрат" футзал командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының 35 жастағы бағана күзетшісі Игита әлемнің үздік қақпашыларына берілетін "Futsalplanet Awards-2021" жүлдесінің қорытындысы бойынша екінші орын алды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Игита осыған дейін 2015, 2016, 2018, 2019 және 2020 жылдары бес мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанған еді. Ал 2017 және 2021 жылдары екінші орын алған. Биыл да біздің қақпашы екінші орынға жайғасты. 

Жалпы дауыс беруге әлемнің әр елінен 91 тілші қатысқан. Дауыс берудің қорытындысы мынадай:

1. Гуитта (Бразилия) – 299 ұпай;

2. Игита (Қазақстан) – 286;

3. Николас Сармиенто (Аргентина) – 217;

4. Дидак Плана Ольтра (Испания) – 184;

5. Федерико Перес Гарригос (Испания) – 87.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар