Футзал
13 қыркүйек 2021 13:27

Игита әлем чемпионатындағы Қазақстанның тарихи жеңісі туралы ойын айттыі

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы Игита ұлттық құрамамыздың әлем чемпионатын бірінші рет жеңіспен бастағаны туралы айтты, деп жазады Vesti.kz порталы.

Әлем чемпионаты Литва елінде өтуде. Бірінші кездесуде Қазақстан құрамасы Коста-Рикамен кездесіп, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл ойынның видеошолуын мына жерден көре аласыз. 

"Әлем чемпионатындағы қарсыластар осал емес. Әр ойын оңай болмайды. Сондықтан біз жеңіске оңай жетеміз деп ойламадық. Иә, 6:1 есебімен ұттық. Бірақ қарсылас та біраз біздің қақпаға қауіп төндірді. Бұл тарих. Бұған дейін біз әлем чемпионатының бірінші кездесуінде ұтпағанбыз. Бастама жақсы. Енді ары қарай жұмыс істеу керек. Жеңіс әрине жақсы. Жігіттер жарады. Қазақстаннан көп жанкүйер болады деп ойламадым. Қолдау білдірген баршаңызға рақмет", - деп келтіреді қақпашының сөзін Kazakhstan Futsal порталы. 

Айта кетейік, әлем чемпионатының екінші кездесуінде Қазақстан Литваға қарсы ойнайды. Бұл матч 15 қыркүйек күні өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport