Грузия құрамасының Еуро-2022 турниріндегі камбэгінің видеосы

©sputnik-georgia

Нидерландыдағы футзал тойында Грузия құрамасы плей-офф раундына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Босния және Герцеговина мен Грузия арасындағы ойында кавказдық ұжым 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Босния және Герцеговина сапында Нермин Кахведжич (7 минут) гол соқса, Грузия тарапынан Талес (25) және Бруно Петри (28) ерекшеленді.

Осылайша, D тобындағы екі ойында жеңіске жеткен грузиндер плей-офф сатысына кем дегенде екінші орынмен шығатын болады. Бұл топта жоғарыда атап өткен командалардан бөлек, Испания мен Әзірбайжан ойыншылары бар.

Еске салайық, осыған дейін Қап тауының дербиінде грузиндер географиялық көршілері Әзірбайжан ойыншыларын 3:2 есебімен тізе бүктірген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар