"Қайрат" көшбасшыларының бірі Дінмұхамбет Сүлейменов және шабуылшы Серік Жаманқұлов алматылық клубтан кетуі мүмкін. Жақын арады футболшылар талдықорғандық "Жетісу" сапына қосылуы ықтимал, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Сүлейменов пен Жаманқұлов алматылық клубтың жиындарына қатыспады, олар команданың фоторепаортаждарының ешбірінде байқалмады. Сонымен бірге, ойыншылардың кететіндігін "Қайраттың" бұрынғы бапкері Какаудың Instagram желісінде ақжол тілеп, бірге жұмыс істегенін абырой санайтын туралы жазбасы да қуаттай түседі.
Сүлейменов пен Жаманқұлов карьерасын аяқтауды жоспарламайды, ал "Жетісу" сапына баратыны футболшылардың клуб басшылығымен жақсы қарым-қатынаста екені білдіріп тұрғандай. Мұның алдында Сүлейменовтің өзі де 2020 жылы Литвадан өтетін футзалдан әлем чемпионатына қатыспақ ниетте екенін көптеген сұхбатында айтқан.
Айта кетейік, "Қайрат" қазақстандық өзге екі жас ойыншымен келісімсшарт жасасқан - Альберт Ақбалықов және Нұрсұлтан Пиялы. Бұл ойыншылар Сүлейменов пен Жаманқұловтың орнына келген болуы мүмкін.
"Қайрат" сапында Жаманқұлов және Сүлейменов 2009 жылдан бері ойнады. Осы он жылда олар көптеген ішкі жарыс трофейлерін иемденді, оның ішінде Қазақстан чемпионаты, Кубок және Суперкубогы. Сонымен бірге, екі рет УЕФА Кубогы, төрт рет Еременко Кубогы мен бір мәрте Әлем Суперкубогын ұтқан.
Футзал
9 тамыз 2019 16:10
Футзалдан Құрама капитаны мен ЕУРО-2016 чемпионатындағы үздік бомбардирлерінің бірі "Қайраттан" кетеді
Сурет: Никита Басов©