auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Футзалдан Құрама капитаны мен ЕУРО-2016 чемпионатындағы үздік бомбардирлерінің бірі "Қайраттан" кетеді

Олар карьерасын басқа командада жалғастыруы мүмкін.

Футзалдан Құрама капитаны мен ЕУРО-2016 чемпионатындағы үздік бомбардирлерінің бірі "Қайраттан" кетеді
Сурет: Никита Басов©
"Қайрат" көшбасшыларының бірі Дінмұхамбет Сүлейменов және шабуылшы Серік Жаманқұлов алматылық клубтан кетуі мүмкін. Жақын арады футболшылар талдықорғандық "Жетісу" сапына қосылуы ықтимал, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сүлейменов пен Жаманқұлов алматылық клубтың жиындарына қатыспады, олар команданың фоторепаортаждарының ешбірінде байқалмады. Сонымен бірге, ойыншылардың кететіндігін "Қайраттың" бұрынғы бапкері Какаудың Instagram желісінде ақжол тілеп, бірге жұмыс істегенін абырой санайтын туралы жазбасы да қуаттай түседі.



Сүлейменов пен Жаманқұлов карьерасын аяқтауды жоспарламайды, ал "Жетісу" сапына баратыны футболшылардың клуб басшылығымен жақсы қарым-қатынаста екені білдіріп тұрғандай. Мұның алдында Сүлейменовтің өзі де 2020 жылы Литвадан өтетін футзалдан әлем чемпионатына қатыспақ ниетте екенін көптеген сұхбатында айтқан. 

Айта кетейік, "Қайрат" қазақстандық өзге екі жас ойыншымен келісімсшарт жасасқан - Альберт Ақбалықов және Нұрсұлтан Пиялы. Бұл ойыншылар Сүлейменов пен Жаманқұловтың орнына келген болуы мүмкін. 

"Қайрат" сапында  Жаманқұлов және Сүлейменов 2009 жылдан бері ойнады. Осы он жылда олар көптеген ішкі жарыс трофейлерін иемденді, оның ішінде Қазақстан чемпионаты, Кубок және Суперкубогы. Сонымен бірге, екі рет УЕФА Кубогы, төрт рет Еременко Кубогы мен бір мәрте Әлем Суперкубогын ұтқан. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Тег:
Жаңалықтар