Футзалдан Қазақстанның бас бапкері құрамаға бүгін қосылады

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстанның бас бапкері құрамаға қосылу үшін Нидерландыға кетті, деп хабарлайды Futsalkazakhstan. 

Пауло Рикардо Кака Қазақстан құрамасы Нидерландыға кетер алында тест тапсырды. Соның қорытындысы бойынша бапкерден вирустің белгілері анықталып, командамен бірге ұша алмады. Осыған байланысты да Кака Словенияға қарсы кездесуді Қазақстаннан тамашамалады. Ал бапкер міндетін оның көмекшісі Сергей Коридзе атқарған еді. 

Бүгін маманның тестінен ешқандай вирустың белгісі табылмады. Сосын ол құрамаға қосылу үшін Нидерландыға кетті. 

Какамен бірге құрама сапында Ерсұлтан Сағындықов та кетті. Ол жарақат алған Леоның орнын басады. 

Еске салайық, бұған дейін Арнольд Кнаудтың да Нидерландыға кеткені белгілі болған еді. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы алғашқы кездесуі 4:4 есебімен тең аяқталды. Енді біздің команда келесі кездесуін 24 қаңтар күні Гронинген қаласында Финляндияға қарсы өткізеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар