Футзалдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Азат Валиуллин ресейлік "Ухта" командасынан кетті. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
Шабуылшының командадан не үшін кеткені нақтыланбаған.
Еске салайық, Валиуллин "Ухта" сапына мамыр айында ауысты. Ол ресейлік командамен "1+1" жүйесі бойынша келісімшарт жасаған еді.
Өткен маусымда Валиуллин "Аят" сапында өнер көрсетіп, Қазақстан чемпонатында 33 ойында 29 гол соқты.