Футзал
14 маусым 2019 14:46

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Португалия чемпионатында әдемі гол салды

Лео. Сурет: ojogo.pt
Футзалдан Португалия чемпионаты финалдық сериясының төртінші матчінде "Спортинг" футболшылары "Бенфикадан" басым түсті (5:3). Бұл кездесудегі бірінші голды Қазақстан құрамасының қорғаушысы Лео салды, - деп хабаралйды Vesti.kz.


Матч аяқталуға 30 секунд қалғанда "Спортинг" 2:3 есебімен ұтылып жатқан, алайда, есепті теңестіріп, қосымша уақытта жеңісті қарсыластың уысынан тартып алды. Енді командаларды шешуші матч күтіп тұр, бұл ойын жеңімпазы Португалия чемпионы атанады. 



Еске салайық, сәуірде "Спортинг" УЕФА чемпиондар лигасының финалында "Қайратты" 2:1 есебімен ұтып кеткен. Лео бұрын алматылық клуб сапында ойнап, командамен бірге УЕФА кубогын екі рет ұтқан. Сонымен бірге, "Бенфикада" негізгі қақпашы Диего Ронкальо да алматылық клубтың бұрынғы ойыншысы екенін айта кетейік.