Футзалдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы ӘЧ-де жетістікке жетудің құпиясымен бөлісті

© ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Тайнан әлем чемпионаты топтық кезеңіндегі соңғы ойын, яғни Венесуэламен тең түскен матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Венесуэламен тең түстік - 1:1. Топтық кезеңдегі бірінші орынның кепілі. Енді 23 қыркүйекте болатын 1/8 финалдық ойынында қателіктерді азайтып, жинақталып ойнау керек. Бір-біріміз үшін күресіп, қалай бірге бастасақ, солай бірге аяқтаймыз. Біздің күшіміз - бірлікте!" - деп жазды Тайнан өзінің Instagram парақшасында.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде бірінші орынмен плей-оффқа өтті.

1/8 финалдық ойынын Қазақстан 23 қыркүйекте өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар