Футзалдан Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін кездесудің тікелей трансляциясы

© ҚФФ

Бүгін, 18 қыркүйекте, футзалдан Қазақстан құрамасы Литвада топтық кезеңдегі үшінші матчын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қарсылас - Венесуэла. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00 басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazsport арнасы көрсетеді. Трансляцияны арнаның ресми сайтынан көруге болады.  

Алты ұпайдан жинаған командалар турнирдің плей-офф кезеңіне өтіп қойды. Алдағы кездесуде А тобы бойынша жеңіпмаз анықталмақ. 

Бұған дейінгі ойындарда Қазақстан Коста-Риканы (6:1) мен Литваны (3:0) ұтты, Венесуэла да Литваны (2:1) және Коста-Риканы (1:0) шаң қаптырған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар